Баянауыл табиғи паркінде мал жайғандар заңмен жазаланады
Бұл табиғи кешендерді, өсімдіктерді қорғау үшін қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі әкімшілігінің мәлімдеуінше, ерекше қорғалатын табиғи аумақта мал жаюға қатаң түрде тыйым салынады.
- Аталған талап табиғи кешендерді, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау мақсатында енгізілген. Белгіленген тәртіпті бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 370-бабының 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, - делінген хабарламада.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті яғни 317 960 теңгені құрайды.
Ұлттық парк өкілдері аудан тұрғындарынан табиғатты қорғау талаптарын сақтауды сұрайды.