Ертең Павлодардағы шағын аудандардың бірінде жарық болмайды

Ертең Павлодардағы шағын аудандардың бірінде жарық болмайды

Жарық шамамен 7 сағатқа өшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мәлімдеуінше, 10 наурызда қалалық электр желісінің қызметкерлері энергия желілеріндегі жабдықтарды жөндеуді жоспарлап отыр.

Осы себепті сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін электр қуаты мына мекен жайлар бойынша өшіріледі:

- Гагарин көшесі, 2/5 (сауна), 16 (Ысқақов клиникасы);
- Теплов көшесі, 3 (аспаздық, дәріхана);
- Теплов-Ак.Марғұлан-Гагарин-Р.Нұртазин көшелерінің квадратындағы тұрғын үйлер.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.