Павлодарда ірімшік пен сүзбе бағасы өсті

Бір жыл ішінде бұл сүт өнімдері Қазақстанда 5,2 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сарапшылар Ақмола облысында сүзбе мен ірімшік бағасының ең жоғары жылдық өсімін – 13 пайызды тіркеді. Energyprom.kz сайтының деректері бойынша Жетісу, Атырау және Қызылорда облыстарында бұл өнім санаты сегіз пайыздан астам қымбаттады. Алматы облысында өнім құны ең аз, шамамен үш пайызға көтерілген.
Павлодар өңіріне келетін болсақ, өткен жылдың қаңтар айынан бастап дүкендердегі ірімшік пен сүзбе құны биылғы жылдың қаңтарымен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті. Бұл еліміздің басқа сегіз облысынан, оның ішінде көршілес Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан жоғары. Ал, Ұлытау облысында аталмыш өнімдер арзандаған.