Павлодар облысының белсенді жастары лагерьде дағдыларын жетілдіруде

Павлодар облысының белсенді жастары лагерьде дағдыларын жетілдіруде
Фото: Жастар бастамаларын дамыту орталығы

Белсенділер үшін шеберлік сабақтары, тренингтер мен семинарлар өтіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-23 тамыз аралығында Баянауыл ұлттық паркінің «ANYZ LAND» демалыс үйінде «Шабыт» облыстық лагері ұйымдастырылды.

Лагерь көшбасшылық пен коммуникативті дағдыларды дамытуға бағытталған шеберлік сабақтары мен тренингтерден тұрады. Бұл лагерь жастарды түрлі дағдыларға үйретуге мүмкіндік береді. Шараны жүзеге асыру үшін біз әртүрлі санаттағы барлық белсенді жастарды жинап, оларға 4 күндік лагерь ұйымдастырдық. Жоба аясында жастар ұйымдастырушылық дағдылар мен қабілеттерге негізделген қасиеттерге ие болып, өздерінің әртүрлі идеяларын жүзеге асыра алады, – дейді ұйымдастырушылар.

Бірінші күні қатысушылар орналастырылып, командаларға бөлініп, тәлімгерлермен және лагерь бағдарламасымен танысты. Одан кейін «Şabyt» облыстық жастар лагерінің салтанатты ашылуында әрбір қатысушыға футболка мен су шейкері, сондай-ақ қалпақ берілді.

Екінші күні, яғни 21 тамызда, «Мобилография» мен «Көшбасшылық және команда құру» тақырыптары бойынша жастардың әлеуеті мен жеке қасиеттерін ашу үшін кәсіби жаттықтырушылармен шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізіледі.

Сондай-ақ, қатысушылар өз командасын таныстыратын шығармашылық бағдарлама ұйымдастырылады. Қатысушылардың мәдени, психикалық және рухани дамуын арттыруға бағытталған танымдық және ойын-сауық іс-шараларымен қатар салауатты тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін спорттық жарыстар, белсенді ойындар, тақырыптық дискотекалар мен викториналар да ұйымдастырылады. Күн «Шам» жалпы жиналысымен аяқталады, онда қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, күннің қорытындысын шығара алады, – делінген хабарламада.

Үшінші күннің бірінші жартысында бұзылған жартастар сызбалардан тазартылады. 

Жастардың жартастағы өнерді тазалауға қатысуы жастарды мәдени мұраны сақтауға және қорғауға шабыттандырады. Бұл өскелең ұрпақтың бойында азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастырады, – дейді Жастар орталығының баспасөз қызметінде.

Төртінші күні «Шабыт» облыстық жастар лагерінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді. Онда әр команда шығармашылық нөмір көрсетуі тиіс. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жасақтарды біріктіріп, жақындастыруы керек. Үздік қатысушылар 1, 2, 3 орындар және гран-при үшін сертификаттар мен кубоктармен марапатталады.