Ертіс ауданында арақ сатқан дүкен иесіне айыппұл салынды
Алкоголь өнімін сату түрінде кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына тиісті рұқсаты жоқ дүкен сатушысы көлемі 0,5 литр арақ сатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы бұзушылық үшін дүкен иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аудандық сот кәсіпкерге 25 АЕК көлемінде айыппұл салды.
– Сондай-ақ тағы бір 36 жастағы ауыл тұрғыны екі бөтелке сыра сатқан. Ер адамның кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығына тиісті рұқсаты жоқ және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Үсенов.
Полиция қызметкерлері алкоголь және құрамында алкоголь бар өнімдерді заңсыз сатқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері Ертіс ауданының аумағында полицейлер осындай 5 фактіні анықтаған.