Психологиялық қысым көрсеткен: Ақсуда зейнеткер алаяқтардың құрбаны бола жаздады
Айлакерлер әйелдің атына төрт несие ресімделгенін сендірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу полициясына әйел қоңырау шалып, алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын айтты.
– Психологиялық қысымды пайдаланып, мені адастырып, маған төрт несие ресімделгеніне сендірді. Кейінірек видебайланыспен ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, ақшаны қайтаруға көмектесетінін айтты. Әңгімелер жеті сағатқа созылды. Мен не туралы егжей-тегжейлі айтқаным есімде жоқ. Қызым не болып жатқанын аңғарып, дереу полицияға хабарлады, – деді зейнеткер.
Мекенжайға жеткен учаскелік полиция инспекторлары, ықтимал алаяқтықтың алдын алу шараларын қабылдады: дереу тексеру жүргізіп, банк ұйымдарына қоңырау шалып, әйелдің атына несие міндеттемелері ресімделмегенін растады.
– Маған алаяқтық әрекеттері қайталанбауы үшін «eGov Mobile» қосымшасында «Стоп-кредиттер» қызметін орнатуға көмектесті. Бұл менің рұқсатымсыз қарыздарды ресімдеу мүмкіндігін болдырмайды, – деп атап өтті әйел.
Ведомство туыстары мен полиция қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылдарының нәтижесінде қаржылық шығындардың алдын алуға және қарт адамды алаяқтық әрекеттерден қорғауға қол жеткізілгенін атап өтті.
Полиция тағы да азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге және күдікті жағдайлар туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.