«Ертіс орманы» резерватында ағаштардың жағдайына баға берілуде
Жасыл желектерде шіру белгілері байқалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Ертіс орманы» мемлекеттік орман қоры аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан ағаштың орман патологиялық жағдайы мен тауарлық сапасына баға беру жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу барысында мамандар ағаштардың жарықтар мен жарылулар, шіру белгілері, зиянкес жәндіктермен зақымдану, саңырауқұлақ аурулары сияқты ақаулар анықтады.
– Жүргізілген талдау орман алқаптарының қазіргі жағдайын анықтауға және орман ресурстарын ұтымды пайдалану мен сауықтыру шараларын қабылдауға мүмкіндік береді, – деді резерватта.
Сондай-ақ, аумақта жұлдызша жібек егеуішті күзгі есепке алынуда. Орман патологы мен ғылыми бөлім мамандары зиянкес жәндіктің санын іріктемелі қазба әдісімен анықтау жұмыстарын жүргізуде.
Бұл жұмыс жәндіктің таралу ошақтарын уақытылы анықтап, қылқан жапырақты ормандарға келетін зиянның алдын алуға бағытталған.
Жиналған деректер зияндылық деңгейін болжауға және орманды қорғау шараларын жоспарлауға мүмкіндік береді.