Павлодарда қай жерлерде киіз үйлер орнатылады?
Оларды 21 наурызды орната бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан мәлім етті.
– 22 наурызда мерекелік атмосфера жасау үшін бұқаралық іс-шаралар мен халықтық мерекелер өтеді. Барлық жерде стильді этноауылдар мен мерекелік жәрмеңкелер өз жұмысын бастайды, – деді Медет Тауасқан.
Ал 21 наурызда сағат 11:00-ден 13:00-ге дейін қаланың шағын аудандары мен ауылдық аймақтарда ұлттық стильдегі көрме киіз үйлері орнатылады. Төменгі шағын аудан мен мекенжайлар бойынша бір-бір киіз үйден тігіледі:
- «Бірлік» ауылы – Усолка шағын ауданы;
- «Татулық» ауылы – Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университет;
- «Думан» ауылы – Торайғыров университеті;
- «Шаттық» ауылы – Инновациялық Еуразия университеті;
- «Ынтымақ» ауылы – Екінші Павлодар, Литвинов көшесіндегі сквер;
- «Жұрағат» ауылы – Толстой көшесі, 82;
- «Ырыс» ауылы – Орталық мәдениет және демалыс саябағы;
- «Көктем» ауылы – Жастар бастамаларын дамыту орталығы;
- «Қуаныш» ауылы – Гагарин саябағы;
- «Мереке» ауылы – Сұрағанов көшесі, 3;
- «Табыс» ауылы – Қамзин көшесі, 67/1 мекенжайы;
- «Молшылық» ауылы – Жаңаауыл шағын ауданы;
- «Бақыт» ауылы – Теміржолшылар шағын ауданы;
- «Жайлау» ауылы – Торговая көшесі, 2а мекенжайындағы «Jailau» базары;
Сондай-ақ, Павлодар, Жетекші, Мойылды, Кенжекөл, Атамекен ауылдары аумағында киіз үйлер орнатылады.
Айта кетейік, Наурызды мерекелеу кезінде коммуналдық, жедел жәрдем, өрт және полиция қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді.