«Ертіс орманы» резерватында бес жылға ағаш кесуге тыйым салынды

«Ертіс орманы» резерватында бес жылға ағаш кесуге тыйым салынды
Фото:pixabay.com

Өтімді қоқыстарды жинаудан, соқпақтарды шабудан және орманды күтiп-баптау мақсатында ғана ағаш кесуге рұқсат, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 10 қыркүйектегі 27-03/249-НҚ бұйрығымен «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салынады. 

Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін әрекет етеді