Екібастұзда әйелімен жанжалдасқан ер адам сотталды

Екібастұзда әйелімен жанжалдасқан ер адам сотталды
Фото: Константин Шелков

Ол мас күйде болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, мұндай әрекетке төзбеген әйел полицияға шағымданған.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары ер адамның бұған дейін де осындай құқықбұзушылық үшін полиция есебінде тұрғанын анықтады. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңға қайшы әрекеттері және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

- Сотта қаралған материалдардың нәтижесінде құқықбұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды. Ол жазасын арнайы қабылдау орнында өтейтін болады, - деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.

Айта кетелік, облыста отбасылық-тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және қайталама заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.