«103» желісі бос емес: Павлодарлықтар қайда қоңырау шала алады?

«103» желісі бос емес: Павлодарлықтар қайда қоңырау шала алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Дәрігерлерге жүгінудің бірнеше жолы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясына жаңа жылдық демалыс күндерінен бастап жүктеме азаймайды. 

– Телефон арқылы кеңес беруді бірге санағанда «103»-ке әдеттегідей 1,5 мыңға дейін қоңырау түседі. Сондықтан егер Павлодар облысының тұрғындары жедел жәрдем шақыра алмаса, олар қосымша қалалық нөмірлерге қоңырау шала алады: +7 (7182) 32-00-24, 32-37-78. Осы нөмірлер бойынша қажет болған жағдайда аға дәрігерден кеңес алуға болады, – деді облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінде.

Жұмыс уақытында жедел жәрдемді +7 (7182) 65-18-14 нөмірі бойынша шақыруға болады.

Кейбір ұялы телефондардан «103» нөмірін термес бұрын алдымен 9 санын басу керек. Егер адам жедел жәрдем шақыруға байланысты «112» нөміріне қоңырау шалса, онда ол автоматты түрде «103» диспетчеріне беріледі.

Сонымен қатар, қызметте арнайы Telegram-бот жұмыс істейді. Павлодарлықтар жедел жәрдеммен байланыстың бұл әдісін сирек қолданады. 

Жедел жәрдемге мессенджер арқылы хабарласу үшін http://t.me/pvl_103_bot жазылу керек. «Жедел жәрдем шақыру» батырмасын басу арқылы пайдаланушы нұсқаулыққа сәйкес жарақаттануды немесе ауруды сипаттап, науқастың орналасқан жерін мүмкіндігінше дәл көрсетуі қажет. 

Мессенджер арқылы жіберілген өтінім өңірлік жедел жәрдем станциясының бірыңғай колл-орталығында өңделеді. Алдымен диспетчер қоңыраудың жеделдігін анықтайды. Шұғылдықтың төрт санатының әрқайсысы үшін жеткізу уақытының өзіндік ережесі бар. Мысалы, адамның өміріне нақты қауіп төнуі бірінші санатқа жатқызылып, 15 минут ішінде пысықталу керек. Шұғылдықтың төртінші санаты бойынша шақырулар емханаларға беріледі және оларға мобильді бригадалар қызмет көрсетеді. Өтінім жұмысқа қабылданды ма, жоқ па, оны адамның өзі тексере алады. Ол үшін «Өтініш мәртебесін тексеру» батырмасын басу керек.