Германия сарапшысы Павлодарға тағы бір мәрте келді
Ол жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері мен магистранттарына дәріс оқиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ToU баспасөз қызметінің мәліметінше, Торайғыров университетіне Senior Experten Service бағдарламасы аясында жұмыс сапарымен Германиядан дәріскер Герхард Лапке келді.
Қазақстандағы белсенді дамып келе жатқан мұнай химиясындағы тәжірибесімен және ғылыми жетістіктерімен бөліседі. Сонымен қатар, Герхард Лапке университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізеді.
– Торайғыров университеті әрдайым шетелдік жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл үшін ашық. Осылайша біздің студенттер мен оқытушылар жаңа тәжірибе мен білім алады. Егер мұнай химиясы туралы айтатын болсақ, бүгінде бұл – Мемлекет басшылығының декарбонизация бағытын таңдағанын ескере отырып, Қазақстандағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі. Сондықтан бұл мәселеде шетелдік әріптестеріміздің қолдауы қажет, – деп атап өтті басқарма төрағасының м.а. – университет ректоры Торайғыров Нұрлан Ержанов.
Естеріңізге сала кетейік, ToU – да шетелдік ғалымдардың дәрістері тұрақты тәжірибе болып табылады. Университетке Түркия, Чехия, Германия, Черногория, Хорватия, Пәкістан, Эстония, Испания, Польша және Үндістан профессорлары келді.