27 наурызда Павлодар облысында жауын-шашын болмайды
Күндіз ауа температурасы +15°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -3...+2°C, облыстың шығысында -6°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ байқалады. Күндіз ауа температурасы +10...+15°C, облыстың солтүстігінде +7°C. Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерде тұман күтіледі.
Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.
Павлодар қаласында түнде 0...-2°C, күндіз +10...+12°C. Ауа райы ауспалы бұлтты болады деп болжануда.