Грэмми сыйлығына ең көп ұсынылған орындаушы атанды

Грэмми сыйлығына ең көп ұсынылған орындаушы атанды
Фото: Instagram@kendricklamar

Биыл әртіс «Үздік альбом» аталымымен қоса, 9 номинацияға ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасай отырып.

Үздік орындаушы атағы үшін америкалық рэпер Кендрик Ламар 6 номинация бойынша ұсынылған және екінші орында келе жатқан Леди Гагамен бәсекелеседі.

Грэмми премиясына үміткерлер қатарында пуэрто-Рико рэпері Бад Банни мен әнші Сабрина Карпентер бар. Номинанттар тізімінде Netflix платформасы үшін жасалған «KPop Demon Hunters» («Кейпоп-жын аңшылары») анимациялық мюзиклі де болды.

Грэмми жеңімпаздарын АҚШ Ұлттық дыбыс жазу өнері және ғылым академиясының 15 мың мүшесі таңдайды.

Еске сала кетейік, Грэмми марапаттау рәсімі 2026 жылдың 1 ақпанында Лос-Анджелестегі Crypto.com аренасында өтеді.