Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді

Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді
Фото: pexels.com

Түсірілім мамырдың аяғында басталады, деп хабарлайды Kazinform

Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыдағы түсірілім 20-30 мамыр аралығында өтеді.

Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.

Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ.

Айта кетейік, Netflix – кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші платформа.

Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.