«Сүйкімді әйелдер, сіздер үшін»: Павлодар мұражай-үйінде мерекелік концерт өтті

«Сүйкімді әйелдер, сіздер үшін»: Павлодар мұражай-үйінде мерекелік концерт өтті
Фото: автор

Іс-шара халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Шафер мұражай-үйінде «Сүйкімді әйелдер, сіздер үшін!» атты мерекелік бағдарламада А. П. Чехов атындағы облыстық драма театрының актрисасы, Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі Нина Запруднева, кәсіби музыкант, композитор, ұстаз Лариса Лобченко, сондай-ақ автор, ақын, барт Ирина Маринец өнер көрсетеді. Павлодарлық ақындар Александр Веревкин мен Елена Вайберттің өлеңдеріне Лариса Лобченконың музыкасымен 2 шығарма шырқалды. Сонымен қатар, № 2 Балалар музыкалық мектебінің оқушылары Римма Глушкованың «Шоколадка» атты регтаймын скрипкада ойнады.

Аталмыш жиында қатысушылар өлең оқып, ән шырқады. Бұдан бөлек, гитарада өнер көрсетіп, сахна төрінде көрініс қойды.

Іс-шараның міндеті – мереке қарсаңында нәзік жандыларды құттықтау, әйел болмысы мен махаббат туралы ой толғау. Жиын мұражайдың «Жұма кештері» клубының ұйымдастыруымен өткізілді, – дейді бағдарлама ұйымдастырушысы Светлана Частикова.

Айта кетейік, кеште Наум Шафердің «Би кештері», Валерий Ободзинскийдің «Жылы жаңбыр жауады» топтамасынан күйтабаққа жазылған әндер тыңдалды.