Кітапхана түні: Павлодарлықтарды Майра ауылы күтеді

Кітапхана түні: Павлодарлықтарды Майра ауылы күтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Барлығы төрт алаң ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

2025 жылғы 22 сәуірде сағат 18:00-де С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада жыл сайынғы «Кітапхана түні» акциясы өтеді. Мақсаты – мәдени-рухани орталық ретінде, жергілікті тұрғындарды кітапханаға тарту, кітап оқуды ілгерлету. Кітапхана түнінің тақырыбы – «Ауыл кеші көңілді».  

Жергілігті мерейтой иелері –  Жаяу Мұса Байжановтың 190 жылдығы,  Майра Шамсутдинованың 135 жылдығы, Иса Байзақовтың 125 жылдығы, Қалмұқан Исабаевтың 100 жылдығына арналған «Жаяу Мұса ауылы», «Майра ауылы», «Иса ауылы», «Қалмұқан ауылы» атты төрт алаң болады. 

«Достық ауылы» Қазақстан халқы Ассамблиясының 30 жылдығына және Павлодар облысында тұратын халықтың мәдениетін көрсетуге арналады. 

Іс-шара қонақтары көрмелерге, қолөнершілер жәрмеңкесіне, айтысқа куә болады, байқауларға, викториналарға, ойындарға қатысады.