Павлодар облысында алқаптарды сумен жабдықтау желілері жүргізіледі
Учаскелер 5000 гектарға жуық көлемді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Дәнекер» шаруа қожалығы» ЖШС ауданы 5000 га алқаптарды суару үшін электрмен жабдықтау және сумен жабдықтаудың алаңішілік желілерін салу жөніндегі қызметті жоспарлап отыр. Суармалы учаскелер Аққулы ауданы Қызылағаш ауылдық округі аумағында Бесқарағай ауылының солтүстігінде 40 км қашықтықта орналасқан.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен ағымдағы жылдың 6 қыркүйегіндегі бірыңғай экологиялық порталда ecoportal.kz «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады. Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау 10 қазанға дейін жүргізіледі.
Ескертулер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаментінің pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Олжабай батыр көшесі, 22 мекенжайына жолдай аласыз. Телефон нөмірі: 8 (7182) 53 23 54