Екібастұзда қоршаған ортаны ластағандар жазаланды

Екібастұзда  қоршаған ортаны ластағандар жазаланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция басқармасы қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Жыл басынан бері полицейлер 269-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде абаттандыру ережелерін бұзудың 192, жалпы пайдалану орындарының ластанудың 77 фактісі бар. 

Өткізілетін іс-шаралардың мақсаты қоғамда кез келген заң бұзушылықтарға «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру болып табылады.  

Полиция қоршағаны ортаны ластау фактісінің куәгері болған жағдайда дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады.