Көлігін мүгедектерге арналған орынға қойған павлодарлық жүргізуші айыппұл арқалады

Көлігін мүгедектерге арналған орынға қойған павлодарлық жүргізуші айыппұл арқалады
Фото: Константин Шелков

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, Hyundai маркалы автокөлік иесі 29 қараша көшесінде орналасқан нысанның жанында мүгедектерге арналған арнайы белгі қойылған тұрақ орнына көлігін қойған, бірақ арнайы тұраққа рұқсат беретін тиісті құжат болмаған.

– Бұл – жол қозғалысы ережелерін тікелей бұзу болып табылады. Заңнамаға сәйкес мұндай құқық бұзушылық үшін айыппұл қарастырылған, – деді департаментте.

Құқық қорғау органдары барлық жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын құрметтеуге шақырды. Арнайы белгілермен белгіленген тұрақ орындары тек осы санаттағы адамдар үшін екенін еске салады.