Лайықты әкім болсын: Шарбақтыда ауыл тұрғыны өз мерейтойын сайлаудан бастады

Лайықты әкім болсын: Шарбақтыда ауыл тұрғыны өз мерейтойын сайлаудан бастады
Фото: Константин Шелков

Таңға қарамастан елге жанашыр азаматтар дауыс беру үшін сайлау учаскелерге аттанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шарбақты ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, сағат 10:00-дегі жиналған ақпаратқа сәйкес дауыс беруге 1125 адам келді. Яғни тұрғындардың 8,6 пайызы сайлауға қатысты. Үйден дауыс беру үшін 307 өтініш келіп түскен. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бүкіл жағдайлар жасалған. Ал алғаш рет сайлауға қатысқандарға тәтті сыйлықтар берілуде.

Шарбақты ауылының тұрғыны өзінің 60 жылдық мерейтойын сайлау учаскесіне барудан бастады. Жұбайымен, ұлымен және келінімен бірге олар ауданның болашағы үшін өз дауыстарын берді.

Ольга Дружинина ауылда 1979 жылдан бері тұрады. Ол Шарбақты ауданының даму перспективалары зор екеніне сенімді.

–        Біз ауданымыздың басында ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруіне жағдай жасайтын лайықты әкімді көргіміз келеді, – деді ол. –Жолдары бар, жарығы орнатылған, мектептер, мәдениет үйлер, ауруханалар, спорт алаңдары салынған ауылда жастар да қалатын болады.

Дауыс берушілер арасында 42 жыл бұрын шаңырағын көтерген Шақамановтар әулеті бар. Олар таңғы сағат тоғызда №438 сайлау учаскесіне келіп, аудан болашағы үшін дауыс берген.

Биылғы сайлау елімізде тұңғыш рет болып жатыр. Жолдасым екеуіміз қуанышпен барып, дауысымызды бердік. Сайлаудан өте көп нәрсені күтеміз,– деді аудандық «Нұр-ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қуантай Шақаманова. Ауданымыз соңғы жылдары жақсы өзгерістер болып жатыр, көшелерде жарық орнатылып, аудан орталығымыз көркейіп бара жатыр. Барлық ауылдар арасында жол бар. Ауылдардың өзінде спорттық кешендер салынып жатыр, ал бұрын тек аудан орталығында болатын. Соның бәрін жалғастыратын, елдің болашағын ойлайтын жақсы азамат келеді деп сенеміз.


Оның сөзінше, тұрғындар жақсы көңіл күймен дауыс беруге келеді.