Мамырдың соңғы онкүндігінде Павлодар облысында күн +30 градусқа дейін жылынады

Мамырдың соңғы онкүндігінде Павлодар облысында күн +30 градусқа дейін жылынады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде жаңбыр аралас қар, бұршақ және тұман болуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, 24 мамырға дейін солтүстіктен жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

22 мамыр күні түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр аралас қар жауады деп күтілуде, осы аудандарда түнде салқын болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +10...+15 градус болады.

23 мамырда жауын-шашын сақталады. Күндіз аздап жылынып, ауа температурасы +17...+22 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

24 мамырда түнде жаңбыр жауады, күндіз облыстың шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Түнгі температура +5…+10, облыстың шығысында +2 градус, күндіз +13...+18 градус болады. Жел әлі де қатты соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

25 мамыр және одан кейінгі төрт күнде жауын-шашын күтілмейді. Түнде солтүстік аудандарда үсік болуы мүмкін, ауа температурасы +2…+7, күндіз +20…+25 градус болады. Жел бағыты оңтүстікке ауысып, секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады.

26 мамырда түнде термометр бағаны +5…+10, күндіз +22…+27 градусқа дейін көтеріледі.

27 және 28 мамыр күндері күндіз ауа райы жылынып, +25…+30 градус болады.

Мамырдың соңғы күндерінде облыстың солтүстігі мен батысында жаңбыр мен найзағай қайта оралады. Түнде ауа температурасы +17 градусқа дейін, күндіз +30 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік-батыс желі секундына 9-14 метр, облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 метр жылдамдықпен соғады.