Майқайың кенішіне жаңа техника келді
Экскаватор шұңқырдың түбінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда.
– Бүгін құтқарушыларға көмекке жаңа техника келді. Бұл 3,5 – тонналық шағын көлемді жеңіл экскаватор. Ол шұңқырдың түбінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.
Жаңа арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жалғасуда. Тазарту кезінде 110 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.
Сондай-ақ, бүгін Павлодар облысы ТЖД ЖҚЖ құтқарушылары шұңқырдың түбіне түсіп, маркшейдер құрылғыларын орнатты және алдағы жұмыстар үшін автобустың болжамды орналасқан жеріне сигнал таспасын белгіледі.
Іздестіру жұмыстарына барлығы 142 адам, 49 техника, үш кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram