Павлодарда көшелердің бірінде субұрқақтар мен спорт алаңдары пайда болады

Павлодарда көшелердің бірінде субұрқақтар мен спорт алаңдары пайда болады
Фото: Милена Гуноева

Тұжырымдаманың негізгі идеясы – көшені қауіпсіз және жаяу жүргіншілерге ыңғайлы ету, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдікте Лермонтов көшесін қайта құру туралы айтылды.

Жөндеу жобасы бойынша келесі жылы 117 мың шаршы метр жол мен тротуарды асфальттау жоспарлануда.

Лермонтов көшісінде екі құрғақ субұрқақ, сегіз спорт және 10 ойын алаңы пайда болады. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер аймағын жаңартылып, 16 мүсін мен 200 шам орнатылады. 

Қазіргі таңда көшеде дайындық жұмыстары басталды.

–  Лермонтов көшесінде электр кабельдер өткізілді, 13 тірек-шам және сегіз бағдаршам орнатылды. Сонымен қатар, 1000 метр гранит жиектастар мен суару су құбыры жасалды. Оған қоса, 700 шаршы метр веложол жабдықталып, кеспетас төселді және автотұрақтар мен жол жабыны төселді, –  деді қалалық әкімдікте. 

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш көшені жөндеу жұмыстары осы жазда басталды. Жоба екі жылға қарастырылған. Биыл Лермонтов көшесін Луговая көшесінен академик Сәтбаев көшесіне дейін абаттандыру жұмыстары қолға алынды.