Павлодарда полицейлер заңсыз такси жүргізушілерін анықтайды
Тексерулер қоғамдық қауіпсіздікті және шетелдіктердің көші-қон заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуді көздейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-24 желтоқсан аралығында өңір аумағында «Заңсыз такси жүргізуші» Республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
– ЖПШ-ны өткізу кезеңінде полицейлер шетелдік азаматтардың біздің елімізде болуының заңдылығы және «Яндекс такси» және «In Driver» сияқты жеке тасымалдаулар бойынша қызметтерді заңсыз жүзеге асыруы тұрғысынан тексерулер ұйымдастыратын болады, – деді ведомствода.
Тәртіп сақшылары қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайды.
Департамент «Заң және тәртіп» қағидаты азаматтарды ережелерді бұзбауға ғана емес, жолдарда қауіпсіз орта қалыптастырып, басқа қатысушыларға үлгі болуға үндейтінін хабарлады.