Май ауданында мемлекеттік қызметшілер футболдан топ жарды
Бұл жарысқа мемлекеттік қызметкерлер де қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жарысқа ауылдық округтер мен аудан тұрғындары, мемлекеттік қызметшілер және полиция қызметкерлері қатысты. Жалпы алты команда чемпиондық атаққа таласты.
– Облыстық спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орталығының Май ауданына қарасты спорт инструкторларымен командалардың дайындығына барлық жағдай жасалды, – дейді ұйымдастырушылар.
Байқау қорытындысы бойынша үшінші орынды Малайсары ауылының командасы, екінші орынды аудандық полиция бөлімі, бірінші орынды мемлекеттік қызметшілер иеленді. Бұдан бөлек, үздіктерге жекелей номинациялар табысталды: «Ең үздік қақпашы» – Алмаз Аскербеков, «Ең үздік қорғаушы» – Қанағат Ақылбек, «Ең үздік шабуылшы» – Асқар Бүркітбаев, «Ең үздік ойыншы» – Жангелді Темірбаев.