Павлодарда жарық уақытша қай көшелерде өшіріледі
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 7 тамыз күні жөндеу жұмыстарына байланысты қаладағы бірқатар мекенжайда электр энергиясы уақытша өшіріледі.
Сағат 9:00-13:00 аралығында Назарбаев даңғылы, 269, Қасымов көшесі, 69/1 мекенжайларындағы ғимараттарда, сондай-ақ Курская – Азовская – Назарбаев даңғылы – Қазправда көшелерінің аралығындағы жеке тұрғын үйлерде электр қуаты болмайды.
Сағат 9:00-17:00 аралығында Нұрмағамбетов көшесі, 100/1, Қарағанды көшесі, 1, 2, Ыстықкөл көшесі, 2а мекенжайларында, сондай-ақ Нұрмағамбетов – Иванов – Аймауытов – Кисловодская көшелерінің аралығындағы жеке тұрғын үйлерде, Академик Шөкин көшесі, 97, 97/2, Нұркин көшесі, 68, 70, 72, 72/1 және Бұқар жырау көшесі, 351, 353, 355 мекенжайларында жарық өшіріледі.
Сағат 9:00-12:00 аралығында Маяковский көшесі, 7, 9, Академик Шөкин көшесі, 3/1, 23, Астана көшесі, 277, 279/3, 279/9, Бөкейхан көшесі, 255/1, 306 және Бөкейхан – Люксембург – Астана – Ломов көшелерінің шаршысындағы тұрғын үйлер уақытша жарықсыз қалады.
Сағат 14:00-17:00 аралығында Олжабай батыр көшесі, 18/1, 22, 24, 24а, 26, 28, 30, 32 мекенжайларында электр қуаты уақытша ажыратылады.
Сағат 8:30-18:00 аралығында Байжанов – Жасыбай – Құрылысшылар – Ермаков көшелерінің шаршысындағы тұрғын үйлерде, сондай-ақ Жылқыбаев, Мичурин, «Ертіс» бау-бақша серіктестігі, Перевалочная, Черемуховая және Черничная көшелерінде электр қуаты болмайды.
Сағат 9:00-16:00 аралығында Радиозауыт ауданында, Г және Д өткелдеріндегі жеке тұрғын үйлерде электр энергиясы өшіріледі.