Павлодар облысында дәстүрлі спорттық турнир

Павлодар облысында дәстүрлі спорттық турнир
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара Май ауданының Құрметті азаматы Виктор Горбунковты еске алуға арналған,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Спорт күніне орай Май ауданында ауданның Құрметті азаматы Виктор Николаевич Горбунковты еске алуға арналған футболдан дәстүрлі ашық аудандық турнир өтуде.

— Бұл турнир-спортты насихаттап қана қоймай, ауданның дамуына өз үлесін қосқан, ел-жұрттың құрметіне бөленген азаматтың жарқын бейнесін ұлықтап, оның есімін кейінгі ұрпаққа жеткізудің игі дәстүріне айналып келеді,  - дейді ұйымдастырушылар. 

Биылғы жарысқа 6 команда қатысуда.  Олар Новоямышево ауылынан Аламан» командасы, Саты ауылы, Ақжар  ауылы, 

Көктөбе ауылы «Жастар» командасы, Тереңкөл ауданының «RUH» командасы және Май ауданының командасы. 

Алаңдағы әрбір ойын – спортшылардың шеберлігі мен жігерін, командалық рухы мен жеңіске деген талпынысын көрсететін тартысты додаға айналуда.

Ұйымдастырушылар Виктор Горбунковтың есіміне арналған дәстүрлі турнир алдағы уақытта да жалғасын тауып, спортшылар үшін берекелі бәсекенің, татулық пен достықтың алаңына айнала беретінін атап өтті.