Павлодарда әке мен балаға қатысты дау сотқа жетпей шешілді

Павлодарда әке мен балаға қатысты дау сотқа жетпей шешілді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосурет

Ата-аналар баланың мүддесін басты орынға қойып, өзара келісімге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкенің баласымен араласу тәртібін белгілеуге қатысты азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы – баланың әкесі. Ол анасының баласымен кездесуге кедергі келтіретінін айтып, әкесі мен баласының араласу тәртібін белгілеуді сұраған.

Судьяның татуластыру рәсімін жүргізуі нәтижесінде тараптар істі қарауға дайындау кезеңінде ортақ шешімге келген. Нәтижесінде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді.

– Мұндай дауларды өзара келісім арқылы шешу ата-аналар арасындағы түсіністікті сақтауға және ең алдымен баланың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті мамандандырылған ауданаралық сот өкілдері.

Осылайша, татуластыру рәсімі арқылы баланың әкесімен араласу құқығы қамтамасыз етіліп, ата-аналар арасындағы келіспеушілік бейбіт жолмен реттелді.

Қабылданған ұйғарым заңды күшіне енді.