Май ауданында орман өрт сөндіру станциясы ашылды

Май ауданында орман өрт сөндіру станциясы ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол Көктөбе орманшылығында пайда болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған жаңа ғимаратта өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамды орналастыру үшін барлық жағдай жасалған.

Орманшылар мен өрт сөндіру командасының ыңғайлылығы үшін жуынатын бөлмелер, санитарлық тораптар, асхана және демалыс бөлмесі бар.

Аждар Жүсіповтің сөзіне қарағанда, осындай модульдік орман өрт сөндіру станцияларын Павлодар орман шаруашылығының тағы төрт орманшылығында салу жоспарланып отыр.