Павлодарда «Жауқазын» олимпиадасында жас дарындар жарқырады

Павлодарда «Жауқазын» олимпиадасында жас дарындар жарқырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Білім бәйгесіне жүзден астам тәрбиеленуші қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, Ж.Тәшенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 10 сәуірде мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің мектепалды топтары (сыныптары) тәрбиеленушілеріне арналған «Жауқазын» облыстық олимпиадасы өтті.

Аталған олимпиада дарынды және талантты мектеп жасына дейінгі балаларды анықтауға, оларды қолдауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындауға бағытталды.

Білім бәйгесіне өңірдің 111 ұйымынан 136 тәрбиеленуші қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Қатысушылар түрлі тапсырмалар арқылы логикалық ойлау, зейін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін көрсетті, – делінген хабарламада.

Олимпиада қорытындысы бойынша 69 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, І орынға – 13, ІІ орынға – 18, ал ІІІ орынға – 38 тәрбиеленуші иеленді.

Сонымен қатар, ерекше қабілет танытқан 67 қатысушылар «Алғыр балауса», «Ойшыл балдырған», «Зерек бүлдіршін» атты арнайы номинацияларға ие болды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жауқазын» олимпиадасы – бүлдіршіндердің алғашқы жетістіктерін айқындайтын маңызды алаң. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытып қана қоймай, олардың білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне негіз қалайды.