Май ауданында полицейлер арасында ұлттық әдет-ғұрыптарға арналған сайыс өтті

Май ауданында полицейлер арасында ұлттық әдет-ғұрыптарға арналған сайыс өтті

Онда тәртіп сақшылары сенім-нанымдардың мағыналарын түсіндіріп, ұлттық тағамдар туралы білгендерімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, аудандық полиция бөлімінде іс-шара өткізді. Онда түрлі зияткерлік сұрақтар қойылып, сенім-нанымдардың мағыналары ашылып, ұлттық тағамдар, балалардың тууы мен тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар мен ережелер кеңінен сөз болды.

- Наурыз мейрамының қазақ халқының тарихында айрықша маңызы мен орны бар. Мұндай іс-шаралар ұжымның бірлігіне ықпал етеді. Халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға құрмет көрсетеді. Бастысы қызметкерлердің бірлігі мен шығармашылық қабілеттерінің көрінісі болды, - деді полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жандос Айтмұхамбетов.

Өз білімдерін учаскелік полиция инспекторлары, тергеушілер, кезекші бөлімнің қызметкерлері мен жедел уәкілдер көрсетті. Қызметкерлер өз отбасында сақталған дәстүрлермен бөлісіп, ұлттық әшекейлерді таныстырып, дайындалған тағамдарды ұсынды.

Викторинаның соңында қайырымдылық шарасы өтті. Полицейлер наурыз көже мен бауырсақ дайындап, барлық келушілерге таратты.