Павлодарда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдейтін фандомат орнатылмақ
Бұл әдіс өңірде бұрын да қолданылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәлімдеуінше, бұл аймақ басшысы Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша іске асырылмақ.
Осыған орай мамандар өңірдегі бизнес өкілдерімен кездесіп, тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мәселесін талқылады.
- Жиында фандоматтар жүйесін енгізу жайында сөз болды. Фандомат - бұл роботты қондырғы, жасанды интеллект, ол қолданылған банкаларды, бөтелкелерді одан әрі өңдеу үшін қабылдайды. Көптеген дамыған елдерде контейнерлерді қайталама пайдаланудың бұл әдісі бұрыннан қолданылады, - деді басқарма басшысы Айгерім Қабылтаева.
Оның айтуынша, бүгін облыстың кәсіпкерлік өкілдерімен және кәсіпорындарымен қоқысты бөлек жинаудың жетілдірілген жүйесін орнату мәселесі талқыланды.
- Кездесуге қатысушыларды экологиялық жоба қатты қызықтырғанын атап өткім келеді. Фандоматтарды енгізуге қатысты бірқатар сұрақтар болды. Мен бұл идеяны жақын арада жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өткім келді, - деді ол.
Павлодарда пилоттық жобаны енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Айта кетелік, контейнерді фандоматқа тапсыру арқылы сіз тиісті сыйақы ала аласыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram