Наурызда Павлодар облысында қандай ауа райы күтіледі?

Синоптиктер өз болжамын жасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, көктемнің алғашқы айында орташа ауа температурасы -2,8...-5,9 °С болмақ, бұл нормадан 2°С жоғары.
Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы түнде -21...-26°С-тан -1...-6°С-қа дейін, күндіз – 5...-10°С-тан +4...+9°С-қа дейін көтеріледі деп күтілуде. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -5...-10°С, ал күндіз -4 ...+1°С болады деп болжануда.
Айдың ортасында түнде ауа температурасының -19...-24°С дейін, күндіз -7...-12°С-қа дейін төмендеуі күтіледі. содан кейін түнде ауа температурасы -1...-6°С дейін, күндіз +1...+6°С дейін көтеріледі.
Үшінші онкүндікте ауа температурасының түнде -9...-14°С-тан -4... - 9°С-қа дейін, облыстың солтүстігінде -17°С-тан -13°С-қа дейін, күндіз -4...+1°С-тан +1...+6°С-қа дейін ауытқуы болжанады.
Бір айда жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде (норма: 12-21 мм).
Наурызда қар аралас жаңбыр жауып, боран соғып, тұманды болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Көктайғақ бірінші онкүндіктің соңында, көбінесе айдың екінші жартысында болуы мүмкін.