Майқайың кенішінде мамандар автобусқа жету жолын пысықтауда

Майқайың кенішінде мамандар автобусқа жету жолын пысықтауда
Фото: Куәгерлер ұсынды

Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғастыруда.

Бүгін таңертең «АК Алтыналмас» АҚ Балқаш қаласының мамандары  мен ТЖД құтқарушылары кран орнатып, бос орындарды, металды немесе басқа да ауытқуларды анықтау үшін жергілікті жерді геосканерлеу жүргізді.

– Сканерлеу сағат 15.30-да аяқталды. Қазір нәтижелер өңделуде, шамамен автобустың орналасқан жері анықталды. Оның жоғарғы бөлігіне дейінгі тереңдік шамамен 5-7 метрді құрайды, – деп жазды облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram парақшасында.

Қазіргі уақытта мамандар автобусқа дейін жетуі тиіс шағын экскаваторды шұңқырға түсіру және құтқарушылардың әрі қарайғы іс-қимылдарын пысықтауда.

Жоғалған адамдарды іздестіру тәулік бойы, бір минутқа да тоқтамай жүргізілуде. Іздестіру жұмыстарына барлығы 136 адам, 41  техника, 3 кинологиялық есеп және екі дрон жұмылдырылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)