29 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады

29 қазанда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетіп, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, түнде облыс бойынша ауа температурасы 0…+5°C, солтүстігінде -3°C болады. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +5…+10°C-қа дейін көтеріледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, орталық бөлігінде аздаған жаңбыр күтіледі.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0…+2°C болады. Аспанды ала бұлт торлап, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +7…+9°C болады. Бұлтты ауа райы сақталып, аздаған жаңбыр жауады.