Мақтаншақ дрифт: Павлодарлық жігітке айыппұл салынды (ВИДЕО)

Мақтаншақ дрифт: Павлодарлық жігітке айыппұл салынды (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

BMW маркалы автокөлік жүргізушісі жүргізу шеберлігін жұртқа паш еткісі келген, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ол маневр жасау ережелерін бұзған.

Жедел басқару орталығының қызметкері бейнебақылау камераларын қарап отырғанда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайының аумағында автокөліктің жол жүру ережелерін өрескел бұзғанын көріп, полицияға хабарлаған.  

– Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының автопатрулі жіберілді. Жүргізуші бұл жүрісінің себебін полицейлерге түсіндіре алмады. Оған қатысты маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.

Полиция жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды және қаламыздың басқа тұрғындарының өмірі мен мүлкіне қауіп төндірмеуді ескертеді.

Айта кетейік, өткен 2023 жылы Павлодар полицейлері маневр жасау ережелерін бұзудың 4152 жолын кесті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)