Павлодар облысында осы апта боранды және жауын-шашынды болады
Синоптиктердің болжамынша, аптаның ортасында жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 8 қаңтарда желдің жылдамдығы секундына 15-20, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.
9 қаңтарда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, боран соғады. Ауа райы түнде -15...-20°С, ал күндіз -12...-17°С болады.
10 қаңтарда облыстың басым бөлігінде боранды болады деп күтілуде. Сынап бағанасы түнде -20...-25°С-қа түссе, күндіз 0...+5°С-қа дейін күрт жылынады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыста секундына 9-14, екпіні 15-20, кейде 23-28 метрге дейін жетеді.
11 қаңтарда түнде қар жауады. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -13...-18°С, облыстың солтүстігінде -21°С суық болады.
12 қаңтарда жауын-шашын күтілмейді. Сынап бағанасы түнде -1...-26°С-қа дейін түседі, ал күндіз -12...-17°С-ты көрсетеді.
Сенбіде облыстың солтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде -13...-18°С, ал күндіз -3...-8°С болады.
Жексенбіде боран соғып, қар жауады. Сынап бағанасы түнде де, күндіз де -7...-12, облыстың солтүстігінде-17°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы шығыс бағытымен секундына 9-14, кей жерлерде екпіні 15-20, 25 метрге дейін жетеді.