Медициналық сақтандыру: Қазақстанда жүкті әйелдер қалай сақтандырылады?

Медициналық сақтандыру: Қазақстанда жүкті әйелдер қалай сақтандырылады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қазақстанда МӘМС жүйесі аясында жүкті әйелдердің сақтандырылуына қатысты жаңа түсініктеме берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар облыстық филиалының мәліметінше, МӘМС жарнасын жұмыс істемейтін немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жүкті әйелдердің өздері төлемейді. Олар мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына автоматты түрде енгізіледі.

Ол үшін тіркелген орны бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігіне байланысты есепке тұруы қажет. Әдетте есепке гинеколог қояды, дегенмен оның қабылдауына жазылу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы тиіс. Бұл жағдайда жүкті әйел мәртебесі болмаса да, ТМККК аясында қабылдау жүргізетін учаскелік дәрігер және акушер арқылы есепке тұра алады, – делінген хабарламада.

Босанғаннан кейін әйелдің жеңілдікті мәртебесі тоқтатылмайды. Ол үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін азамат ретінде басқа санатқа көшеді және бұл кезеңде де мемлекет есебінен сақтандырылады.