Мичурин ауылында АЭС-тің ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасын талқылады

Мичурин ауылында АЭС-тің ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасын талқылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалпы республикалық референдумге 3 күн қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар облыстық штабының өкілдері атом электр станциясының құрылысы үшін Павлодар ауданы Мичурин ауылындағы «Асхат» ШҚ Ауыл шаруашылығы кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті. 

Делегация құрамына Сүлеймен Сыздықов, Мәдина Жұмалиева, Виктор Камкин және Жанат Шұғаев кірді. Әңгіме барысында Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы сөз қозғалды.

Штаб мүшелері Павлодар облысында бизнес пен ауыл шаруашылығын дамыту үшін АЭС құрылысының артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Жаңа энергия көзінің пайда болуының аграрлық секторды дамытуға тигізетін ықтимал экономикалық тиімділігіне ерекше назар аударылды. 

Атом энергетикасы қолжетімді және тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете алады, бұл ауыл шаруашылығы өндірісін жаңғырту үшін өте маңызды, – дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов.

Штаб өкілдері сондай-ақ «Асхат» ШҚ қызметкерлерін АЭС құрылысы мәселесі бойынша алдағы жалпыұлттық референдумға белсене қатысуға шақырды. Олар ел үшін стратегиялық шешім қабылдауда әрбір дауыстың маңыздылығын атап өтті.