Павлодарда сенбілік ауылшаруашылық жәрмеңке өткізілмейді

Павлодарда сенбілік ауылшаруашылық жәрмеңке өткізілмейді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған қатты аяз себеп болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 9 желтоқсанда дәстүрлі түрде өткізілетін жәрмеңке болмайды. Алайда «Jailau» фермерлер нарығы өз жұмысын тоқтатпай, штаттық режимде жұмыс істейді. 

«Қазгидромет» РМК-ның деректері бойынша 8-9 желтоқсан аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы -32...-37 градус, облыстың солтүстігінде - 40 градусқа дейін қатты аяз күтіледі.

9 желтоқсанда сынап бағанасы күндіз -28...-33 градусқа, облыстың оңтүстігінде -25 градусқа төмендейді.