Павлодар облысында жыл басынан бері азаматтарға 440-тан астам өтеусіз грант берілді
Грант иегерлері – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар, деп хабалайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыбасқармасының мәліметінше, жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға 644,6 млн теңге сомасына жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 442 грант берілді. Олардың жартысына жуығы – көпбалалы отбасыларға.
Алушылардың санаттары бөлінісінде 200 грант көп балалы отбасыларға, 83 грант – мүгедек адамдарға, 49 – мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата – аналарға, 25 – атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, 20 – асыраушысынан айырылу бойынша төлем алушыларға, 65-Басқа санаттарға берілді.
Өтеусіз гранттар: мал шаруашылығына – 176, өсімдік шаруашылығына – 7, мүкәммалды, еңбек құралдарын сатып алуға – 87, технологиялық жабдықтарды сатып алуға – 159 берілді.
Жобаға қатысушылардың көпшілігі грант алып, өздерінің бизнес-жобаларын табысты жүзеге асыруда. Осындай мысалдардың бірі 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант алған Тереңкөл ауданының тұрғыны болды. Көп балалы ана «Фахирслямова» ЖК тіркеді, технологиялық жабдықтар сатып алды және Монтессори әдісін қолдана отырып логопедиялық кабинет ашты, бүгінгі күні орталыққа 13 бала барады.
Бизнестің тағы бір сәтті үлгісі – Кеменгер ауылының тұрғыны, «Дуэт» сұлулық салонын ашып, ауылдың үш тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда салонда шеберлер жұмыс істейді: қас, тырнақ стилисті, макияж суретшісі.
Естеріңізге сала кетейік, қайтарымсыз гранттар конкурстық негізде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға өтініш берілгенге дейін жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде (тіркеу мерзімі үш жылдан аспайтын) тіркелген жағдайда беріледі.