Облыс әкімі павлодарлық әйелдерді мерекелерімен құттықтады

Облыс әкімі павлодарлық әйелдерді мерекелерімен құттықтады

Асайын Байханов 8 наурыздың бастапқы мағынасы бүгінгіден басқаша екенін айтты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың құттықтауы өзінің Instagram парақшасында жарияланды. 

- Біздің сүйкімді арулар! Біз мереке қарсаңындағы қарбаласта WhatsApp арқылы кезекші құттықтауларды жіберіп және екі есе бағамен алдын-ала тапсырыс берілген қызғалдақтарды сыйлап жүріп, өкінішке орай, 8 наурыздың бастапқы мағынасын ұмытып кетеміз. Көптеген жылдар бойы әйелдер өз құқықтары үшін күресін жалғастыруда. Бүгінгі мереке - бұл, шын мәнінде, эмансипация, сексизмге қарсы тұру және менің түсінуімше, әйелдің өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы туралы, -  деп жазды Асайын Байханов. 

Сондықтан, үйреншікті әдеттерден біраз шегініс жасап, әрқайсына өмірде біреу көрсеткен емес, тек, өзі таңдаған орынға орнығып, өзін табуға тілек білдіретінін де атап өтті аймақ басшысы. 

- Бақыт сөзін қалай елестетсеңіз, сол мағынада тілеймін. Мансапта, ана болуда, шығармашылықта, спортта, бизнесте немесе басқа да нәрселерде. Сенемін, сіздер мықтысыздыр, сіздер жасай аласыздар. Мереке құтты болсын! - деді Асайын Байханов.