Он алты мың шақырым: әлемдегі ең ұзақ тікелей әуе рейсі 2027 жылы іске қосылады
Ұзындығы 16 мың шақырымнан асатын және 19-22 сағатқа созылатын әлемдегі ең ұзақ тікелей жолаушылар рейсі Аустралияның Сидней қаласы мен Ұлыбританияның Лондон қаласын байланыстырады, деп хабарлайды Kazinform Euronews-ке сілтеме жасап.
Аустралияның Qantas әуе компаниясы бұл бағытта қатынайтын арнайы жаңғыртылған Airbus A350-1000ULR ұшағының алғашқы үлгісін таныстырды. Сидней мен Лондон арасындағы ұшу ұзақтығы 19 сағаттан 22 сағатқа дейін барады.
Қазіргі уақытта әлемдегі ең ұзақ тұрақты тікелей жолаушылар рейсі ретінде Singapore Airlines әуе компаниясының Сингапур мен Нью-Йорк арасындағы бағыты саналады. Бұл рейс 15 349 шақырымды 19 сағатқа жетпейтін уақытта еңсереді.
Бірнеше жыл бұрын Qantas компаниясы ұшудың ұшқыштарға, экипаж мүшелеріне және жолаушыларға әсерін зерттеу мақсатында ең ұзақ тікелей коммерциялық жолаушылар рейсін жүзеге асырған.