Павлодар ауданында теңіз табан балығын аулаған зейнеткер ұсталды
Ол тыйым салынған құралдармен балық аулаған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 4 мамырда Сычевка ауылының маңында сағат 12.30-да «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы аясында рейдтік іс-шаралар барысында заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
– Ер адам резеңке қайықпен Ертіс өзенінде тыйым салынған құралдармен балық аулады. Қабаданың көмегімен салмағы 11 келі теңіз табан балығын аулаған, - деді Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің бастығы Қайрат Сатыбаев.
Тәртіп сақшылары 63 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігі – «тыйым салынған мерзімдерде тыйым салынған құралдармен немесе тыйым салынған орындардағы тәсілдермен балық аулау» ережелерін бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.