Павлодар ауданында төрт баланың анасы сұлулық салонын ашты
Кемеңгер ауылының тұрғыны 400 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант иегері атанған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Гүлжан Темірғалиева ұзақ жылдар бойы Павлодар қаласының сұлулық салондарында жұмыс істеген. Сол кезде ол өз ісін ашу туралы жиі ойлана бастаған.
– Бір жарым миллионға жуық мөлшеріндегі сома кәсіпкерге барлық қажетті жабдықтарды, атап айтқанда, шұңғылша, креслолар, визажистер мен маникюрге арналған үстелдер, орындықтар сатып алуға мүмкіндік берді, – деді Павлодар ауданының әкімдігінде.
Айта кету керек, аталмыш салонда Гүлжан Темірғалиевадан басқа қас жасайтын маман, нейл стилист, визажист, шугаринг жасайтын мамандар жұмыс істейді.
Ауылда сұлулық салонының ашылуымен төрт жаңа жұмыс орны ашылған. Бірақ, кәсіпкер мұнымен тоқтап қалмай, жақын арада көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Салонның ашылуынан кейінгі екінші күні-ақ жергілікті тұрғындар ғана емес, көрші ауылдардан да шаш қию үшін адамдар келуде.