Павлодар ауданының оқушылары «Зарница» ойынын ойнады
Соңғы сынақ карта бойынша жергілікті жерге бағдарлану болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Пресное орта мектебінің мәлімдеуінше, оқушылар Павлодардағы балаларды қолдау аймақтық орталығының базасында өткен «Зарница» әскери-спорттық ойынына қатысты. Іс-шара Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына арналды.
– Ойын шарттарына сәйкес командалар орталық аумағында жасырылған газқағарларды, құрсауларды, доптарды, сөмкелерді, төсеніштерді және ММГ-АК-74 макетін іздеп, самауырды кім тез қайнататыны бойынша жарысты, – делінген хабарламада.
Спорттық эстафеталарда ережелердің сақталуын дене шынықтыру мұғалімі Руслан Омаров пен АӘД оқытушысы Леонид Лучнин қадағалады. Оқушылар жақсы нәтиже көрсетті, соның ішінде ММГ-АК-74 макетін бөлшектеу мен құрастырудың тамаша дағдыларын көрсетті.
Пресное мектебінің педагогтары мен әкелер кеңесінің мүшесі Рамиль Избулатов қатысушылар үшін дала асханасын ұйымдастырып, шай, қарақұмық ботқасы мен бауырсақ дайындады.
Соңында барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.