Павлодар кәсіпорны автоматтандырылған өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр
Ұсыныстар мен ескертулер 17 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазақстан алюминийі» АҚ автоматтандырылған кешендерді қолданыстағы қабылдау-төгу эстакадасы мен технологиялық құбырлармен байланыстыру шегінде орналастыруды жоспарлап отыр.
Белгіленіп отырған қызмет туралы өтінішпен 2023 жылғы 18 қазандағы Бірыңғай экологиялық порталда «Қоғамдық талқылаулар» айдарында және Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының сайтында «Белгіленіп отырған қызмет туралы өтініштер бойынша ресми хабарламалар» айдарында танысуға болады.
Ескертулер мен ұсыныстарды Павлодар облысы бойынша экология департаментінің pvlecspert@mail.ru электронды мекенжайына немесе Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі, 22 (Павлодар облысы бойынша экология департаменті) мекенжайы бойынша қабылдайды. Байланыс телефоны: +7(7182) 532354.