Музей түні: Павлодарда Алаш арыстарының бейнелері сомдалады

Музей түні: Павлодарда Алаш арыстарының бейнелері сомдалады
Фото: Константин Шелков

Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде   «Тарих жолдарымен» театрландырылған экскурсиясы өтеді, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Биылғы шара Халықаралық музейлер күніне  орай, Павлодар облысының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылады. Өтетін күні мен уақыты: 18 мамыр, сағат 18.00-де. 

Түнгі экскурсияға келушілерді ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпеев, ақын, әнші, композитор Естай Беркімбаев пен Иманжүсіп Құтпанұлы, Алаш арыстары – Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Дулат Міржақов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахұт Торайғыровтың бейнелерін сомдайтын кейіпкерлер қарсы алады. Ақ жаулықты әжелер ән салып, дәстүрлі әндер  шырқалады. Сондай-ақ «Гарри Поттер» сериясының жанкүйерлері «Хогвартс» сиқырлы мектебіне барып, сиқырдың жұмбақ әлеміне енеді.

Ертіс музейінде  ансамбльдік мерекелік концерт, «Жердегі тіршіліктің дамуы»  фильмінің көрсетілімі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына Павлодар облысының өткен тарихы туралы қызықты деректер ұсынылады. 

Бет бояу, мехенди, жылтыр татуировка, портреттер салу ұсынылады. Сату аймақтарында қолдан жасалған заттар сатылымға шығарылады. 

Багаев музейінде «Фотопавильонында» театрландырылған қойылымы көрсетіледі. Майра музейінде PVL концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Әскери данқ музейінде әскери жылдардағы фотохроника мен музей қорларының көрмесі  ұйымдастырылады.