Қызылорда-Павлодар көлік қозғалысын шектеу қойылды
Жолды 2025 жылғы 8 қантарда сағат 08:00-де ашу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» АҚ» ҰК мәліметінше, 2025 жылғы 7 қантарда сағат 19:00-де Ұлытау облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда-Павлодар автожолының 216-424 шақырым аралығындағы учаскеде көліктің барлық түрінің қоғалысына шектеу қойылады. Бұл – Қызылорда облысы шекарасынан Жезқазған қаласына дейінгі аймақ.